Айдар: Пайдалы кеңестер – Диабеттің алдын алу: қазір не істеуге болады?

Әлемде әр 5 секунд сайын бір адам қант диабетіне шалдықса, әр 7 секундта осы аурудан көз жұмады

Қант диабеті – бұл инсулиннің жетіспеушілігінен пайда болатын көмірсулар алмасуының қатты бұзылуымен, сондай-ақ заттек алмасуының бұзылуымен сипатталатын эндокриндік жүйе ауруы.

Диабеттің себептері:

1.    Тұқым қуалауға бейімділік. Егер ата-анасының біреуі қант диабетімен ауыратын болса, онда баласының осы аурумен ауру мүмкінлігі бар.

2.    Семіздік. Семіздіктін денсаулыққа қаншалықты қауіп төндіретінің сезіне отырып, онымен барынша күресерін болса, бұл факторды басқаруға болады.

3.    Панкреатит, ұйқы безі обыры, басқа ішкі секреция бездерінің аурулары (бета-жасушалар зақымдалғанда)

4.    Әр түрлі вирустық инфекциялар. Қазамық, желшешек, эпидемиялық паротит, тұмау – мұның бәрі ауруға себепші болатын шаппалы механизм іспеттес.

5.    Бейім фактор ретінде жүйке күйзелісі.

6.    Жасы. Жас ұлғайған сайын қант диабетіне шалдығу мүмкіндігі арта түседі. Адам әрбір он жас қосқан сайын диабетпен ауру мүмкіндігі екі есеге артады деген пікір бар.

Қант диабеті: тәуекел факторлары:

-         Глюкозаға толеранттылықтың бузылуы. Аш қарынға гипергликемия – глюкозаның қанда көтерілуі 5,6 ммоль/л жоғары

-         Гестационды қант диабеті. Жүкті кезінде пайда болады.

-         Салмағы 4,5кг асатын баланың тууы

-         Артериалды гипертония. Дәрігердің қабылдауында үщ реттік артериалды қысымының саны 140/90 мм.рт.ст. асуы

-         Дислипидемия – липидті (майлы) алмасудың көрсеткіштерінің бұзылуы

-         Триглицеридтер. Холестериннің қан тамырларында тасымалдаушылары > 2.2 ммоль/мл. ЗЖТЛ (заттың-жоғары тығыздық липопротеиді, қан тамырлары қабырғаларында атеросклеротикалық бляшкалар түзілуіне кедергі келтіруші) > 0.8 ммоль/мл

-         Абдоминальды семіру. Ерлер түрінде семіру немесе алма тәрісдес семіру – халы, қант диабетінің 2 типіне, атеросклероз, инсульт, жүректің ишемиялық аурулары және кенетті өлімге алып келу қаупін қамтамасыз етеді. Салмақтың көптігі ізгіден 20% асса (егер дене салмағы индексі (ДСИ) немесе Кетли индексі > 27. ДСИ= салмақ (кг)/бойы (м2).

Қант диабеттің алдынан өту және өмір сапасын жақсарту, егер ол дамыса, келесі шаралар көмектеседі:

1.    Тексеріліңіз. Күн сайын өз бетіңізбен қандағы глюкозаның деңгейін (қажеттік бойынша бірнеше рет) тест-сызықтардың және электронды құрылғылардың қөмегімен тексеріңіз. Оның толқыуына қарай диетаңызды, физикалық ауыртпалықты және медикаментозды терапия реттеңіз. Суды көбірек ішіңіз. Диабетті сонымен бірге несепшаршатушы деп те атайды. оның шөлдетіп кептіру қауіпі болғандықтан, күн сайын 2л кем емес су ішіңіз, егер ауырып қалсаңыз немесе глюкоза деңгейі көтерілсе, одан да көп ішіңыз.

2.    Менюді қадағалаңыз. Калорияның негізгі бөлігін полисахаридтардан (ерекше күрделілерден, тағамдық талшықтарының жоғары бөлігімен) алу керек. Ақуызға калориялықтың 10-20% келуі тиіс. Майы аз ақуыздың көзін тандаңыз, ерекшелікте сыйымдаларды, мысалы: майсыз ет, балық, құс, майсыз сүт тағамдары.

3.    Көмірсуларды қадағалаңыз. Дәстүрлі дәрігерлер диабетте шақпақ қантқа мүлдем тыиым салатын. Наан, макарон тағамдары қүрамындағы күрделі көмірсуларды пайдалануды ұсынатын. Бірақ, жуық арадағы зерттеулер көрсеткендей, толық сау рационда шақпақтың мөлшерленген деңгейі зиянсыз. Картоп езбесі қандағы глюкоза деңгейін, бисквиттен кем емес көтере алады. Көмірсулардың көзін бақылағанша, жалпы пайдаланылуын қадағалағанмаңызды

4.    Диетологқа барып жолығыңыз. Жеке бас диетасы тек диабетті бақылауда ғана емес, басқа да медициналық мәселелерді шешуде көмектеседі. Мысалы, холестерин деңгейінің көтерілуі. Менюді дурыс құру үшін, жас шақты, дене массасын, жұмыс уақытын, адамның өмір салтын, қабылдайтын дәрілерін және жеке бас дәмін санау керек. Оны дипломы бар диетолог жасай алады. Өзіңіздің жақсы көретін тағамдарыңыз жайында айтуды ұмытпаңыз.

5.    Аяқтарыңызды күтіңіз. Диабетпен ауыратын адам күн сайын кешке жатар алдында аяғын жуып, кептіріп, өкшесін сүртіп, жарықтардан сақтау үшін ылғалдаушы маймен табанын сүртеді. Тырнақ өсінідсінен, қажаудан сақтану үшін, аяқ киімді қатаң таңдаңыз. Егер жайсыздықтарды байқасаңыз бірден ортопедке жолығыңыз.

6.   Көздеріңізді тексеріңіз. Көз дәрігерінде жыл сайын тексеріліңіз. Бұл, қарашық капиллярлардың зақымдалуы мен өлімін тудыратын – диабетикалық ретинопатияны дер кезінде анықтауға мұмкіндік береді.