Бүгін «№11 қалалық емханада» «Менингококты инфекцияның алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында менингиттің эпидемиологиясы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу іс-шаралары мәселері талқыланды.
Семинар өте қызықты өтті, дәрігер терапевтер аурудың алдын алу және егілуге қатысты көптеген сұрақтарға жауаптар алды.