«Қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша пациенттер арасында бесінші оқу өтті

Бүгін №11 қалалық емханада эндокринолог Жүнісова З.С. және СӨС дәрігер Сүтдібаева А.Н. пациенттер арасында «Қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша «Гипо және гипергликемия. Себептері, белгілері» тақырыбында бесінші оқу өткізді.

Қант диабеті  — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. 

2 түрдегі қант диабеті кезінде жалпы хал-ахуалдың нашарлығы, әлдің құруы, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон иісінің шығуы байқалады. Бұл қанда кетоновтық заттарың (кетоацидоз) жиналып қалуымен түсіндіріледі. Егер дер кезінде шара қолданбаса, науқас есінен тануы мүмкін – диабет комасына түсіп, көз жұмуы ықтимал. Шамадан тыс инсуллин қабылдаған кезде және қандағы глюкозаның күрт түсуінен адам комаға түсуі мүмкін.

Диабет кезінде асқынуларға тап болмау үшін үнемі қандағы қант деңгейін бақылап тұсу керек және емдеу қажет.

Ауруды анықтау және емдеу

Қант диабетіне шалдыққандар міндетті түрде эндокринолог дәрігердің тіркеуінде болуы шарт.

Қант диабетін анықтау үшін келесі зерттеулер жүргізіледі:

Қандағы глюкозаны анықтау: аш қарынға капиллярық қандағы (саусақтан алынатын қан) глюкозаны анықтау .

Глюкозаға толеранттылықты тексеру: аш қарынға 75 г глюкозаны 1-1,5 стақан суға араластырып ішіп, 0,5-2 сағаттан кейін қандағы глюкозаның концентрациясын анықтау;

Зәрдегі глюкоза мен кетонов денелерін анықтау: егер зәрде бар болса, демек, адам науқастанған.

Гликозилирдік гемоглобин: қант диабетіне шалдыққандарда көп мөлшерде болады.

Қандағы инсулин мен С-пептидтерді анықтау: 1 түрінде қандағы инсулин мен С-пептидтердің саны азаяды, 2 түрінде қалыпты болуы мүмкін.