Айдар: Пайдалы кеңестер – Астмалық ұстамалар кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Бронхиалды астма – ісінуден, бронх тарылуынан болған тұншығумен сипатталатын тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы.

Бронхиалды астманың пайда болуының қауіп-қатер факторлары:

Тұқым қуалаушылық.

Жиі респираторлық- вирустық аурулар

Үй шаңы, өсімдіктер тозаңы, азық-түлік өнімдері, дәрілік препараттар,  жануарлар жүні, аэрозолдар, бояғыштар, саңырауқұлақтар және т.б.

Темекі шегу.

Баланы ерте жастан жасанды тамақтандыруға ауыстыру.

Бронхиалды астма уақытылы және дұрыс жоспарланған алдын алу шараларын болдырмауға мүмкін болатын ауруларға жатады.

Бұл ретте алдын алу және емдеу 3 деңгеймен жүргізіледі.

Бастапқы алдын алудың мақсаты — сау адамдарда астманың алдын алу және келесі факторлармен күресуге бағытталған:

Балаларда алдын алу шаралары:

Кеудемен емізу. Ана кеудесінен ерте айыру және қосымша тағамды енгізу — бронхиалды астма дамуының маңызды факторы, әсіресе егер бала жоғарыаллергенді өнімдер алатын болса (цитрустар, шоколад, тауық жұмыртқасы, жаңғақтар және т.б.)

Балаға жайлы жағдай жасау.

Бұл ретте қауіп-қатер факторлары темекі түтінімен байланыста болу  (ата-аналар және басқа ересек адамдардың балалардың қасында темекі шегуі), тітіркендіретін химиялық заттардың болуы болып табылады.

Созылмалы тыныс алу жолдарының алдын алу. Қауіп-қатер факторлары: жиі және ұзаққа созылған бронхиттер, тонзиллит, синусит, аденоид және т.б.

Ересектерде астманың алдын алу келесіге байланысты:

Созылмалы тыныс алу жолдарының алдын алу. Астманың дамуының қауіп-қатер факторлары — созылмалы бронхиттер, пневмониялар т.б.;

Тітіркендіретін заттармен ұзақ уақыт бойы байланыста болу (темекі шегу, жұмыстағы, тұрмыстағы химиялық заттар).

Келесі алдын алудың мақсаты — астма алдындағы кезеңде, бірақ әлі астмамен ауырмаған тұлғаларда аурудың алдын алу. Бұл кезеңдегі қауіп-қатер факторлары:

Әртүрлі аллергиялық аурулардың бар болуы (тағам аллергиясы, аллергиялық риниттер, экзема т.б.)

Қолайсыз тұқым қуалаушылық.

Бронхиалды астмамен ауырған туыстардың болуы;

Астманың үшінші реткі алдын алуы қалыптасқан аурудың ауырлығын азайту, оның асқынуын ескеру.

Бұл ретте дәл қай аллерген астма тұншығуын тудыратынын анықтау керек. Бұл кезеңдегі қауіп-қатер факторы – ортақ аллергендермен науқастың байланысуы.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ең басты көрінісі демікпе ұстамасының дамуы болып табылады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде тыныстың тарылуы түнде басталып, содан күндізде болады. Басында науқастың көмейі жыбырлап науқас жөтеле бастайды, жөтел бара – бара асқынып, аурудың тынысы тарылып, дем ала алмай, тұншығады. Толықсу басталғанда науқас аяғын төмен түсіріп, қолымен төсектің шетін ұстап отырады. Беті ісіңкіреп (тұншығып отыр), ауызы, мұрыны көгеріп, суық тер шығады. Науқастың дем алысы жиілейді, демді сыртқа шығару дәрісі қиындайды. Өкпеде ауа көп болғандықтан, перкуссияда қорап тәрізді дыбыстың естілуімен түсіндіріледі. Аускультацияда және қашықтық аралығында да ысқырған, шиқылдаған сырылдар естіледі. Демікпе ұстамасынан зардап шегуші мазасызданып, безек қағады. Толықсудың ағымының ұзақтылығы әртүрлі болып келеді: бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейде бірнеше күнге дейін созылады. Басында жөтел қақырықсыз, содан соң қақырықты жөтел пайда болады. Қақырық өте аз мөлшерде білінеді. Қақырық ауызға жабысып, кілегейленіп тұрады. Осы қақырықтың түсуі нәтижесінен демікпе ұстамасы аяқталады.

Аурудың әсерінен орталық жүйке жүйесі бұзылып, кома дамуы мүмкін. Сырқаттар халі нашарлайды, ісік пайда болады. Созылмалы өкпе – жүрек жетіспеушілігі дамиды.

Емі. Бронхтық астманың емі тұншығу ұстамасын тыйылтып, аурудың негізгі даму механизмін басуға арналған шараларды өткізу болып табылады. Толықсу кезінде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп, қысып тұрған киімдерін босатып, таза ауа жіберу қажет. Бронхтық астманың жеңіл түрінде ұстаманы рефлекторлық түрде қыша қойып басуға болады. Немесе аэрозоль жұтқызып (атровент), оттегі қабылдайды. Бронхтық астманың орташа және ауыр түрінде бір сағаттың ішінде 3-4 рет беротек немесе беродуал небулайзер арқылы қолданылады. Сонымен бірге 2 сағат сайын 60 – 90 мг преднизолон ерітіндісін енгізеді. Ауыр жағдайларда 1 сағат сайын беротек немесе беродуал небулайзер арқылы қолданылады, 2 сағат сайын 60 – 90 мг преднизолон ішкізеді, сонымен бірге көк тамырға 200 мг преднизолон ерітіндісі енгізіледі. Науқастың дем алуы қиындап, тұншығу дәрежесіне дейін жеткен жағдайда, жасанды дем алдыру шараларын реанимация бөлімшесінде жүргізеді. Ұстама арасындағы ем және олардың алдын алу шараларын өткізу бронх демікпесінің клиникалық бейнесі мен дамуына байланысты жүргізіледі. Атопиялық демікпеде сырқаттарды тағамдық және тұрмыстық аллергендердің әсерінен сақтандырып, гигиеналық шараларын қолданып, жүргізген қажет.