«Артериалды гипертония» денсаулық мектебі бойынша «дұрыс тамақтану. артериалды гипертония кезінде пациентке нені білу керек?» тақырыбында оқу өтті

Бүгін "№11 қалалық емханада" кардиолог: Романова К.М. және СӨС дәрігер Сүтдібаева А.Н. "Артериалды гипертония" денсаулық мектебі бойынша "Дұрыс тамақтану. Артериалды гипертония кезінде пациентке нені білу керек?" тақырыбында оқу өткізді.

2-ші оқудың мақсаты:
*пациенттерді дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері туралы және АГ кезінде тамақтанудың ерекшеліктері туралы ақпараттандыру;

*пациенттерді азық-түлік рационының теңгерімділігі  ережелері мен принциптеріне оқыту.

Артериалды гипертония кезінде қалай тамақтанған жөн? 

АГ кезінде диеталық кепілдемеле алдымен дене салмағын қалыпты деңгейге түсіруге бағытталуы керек. Қалыпты салмақ кезінде – липидті ауысудың бұзылуын түзету.

Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады.Артық дене салмағы да зиян екенін естен шығармаған жөн. 

Салмақтың азаюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросклероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмақты 5 кг – ға азайтса қан қысымы 5,4/2,4 ммсынбағ-на төмендейді. Сондықтан дене салмағын күнде таңертең өлшеп тұрған артық болмайды. Артық салмақ Кетле индексі бойынша есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса артық салмақ, ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеледі.

Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын, малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.

Майлы ет тағамдарын өсімдік - көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне бес дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті калий – магний тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта көбірек болады.Қан қысымын түсіруде алманың да пайдасы бар, қышқыл сорты диабет пен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады дегенді айтады.

Сондай-ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Сүт және майсыздандырылған сүт өнімдерінің де маңызы зор. Адам ағзасына сүт, айран, ірімшік, құрттың шипалық әсері күшті.

Гипертонияға шалдыққандар күніне екі рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде бір стақан айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады.Салауатты тамақтану, дене шынықтыру жаттығулары, таза ауда серуендеу, күніне 40 мин жаяу жүру, еңбек және дем алу тәртібін сақтау, әр кезде артериялық қан қысымын өлшетіп тұру және алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден бас тарту – артериалды гипертонияның алдын алудың басты тәсілдері.