Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

Қымбатты әріптестер!

«№11 қалалық емхана» және өз атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер күн сайын жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, айналадағы адамдарға баға жетпес байлық – денсаулық, шаттық пен бақыт сыйлап жүрсіздер. Науқастардың дертіне дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ертелі-кеш ерінбей еңбек етіп, аянбай тер төгіп келесіздер. Сол үшін ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық!

Төл мереке қарсаңында Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында әлі талай биіктерді бағындыра беріңіздер!

Ізгі ниетпен,
Ж.Сағандықов