ИММУНДІ ПРОФИЛАКТИКА БОЙЫНША ЕСКЕРТПЕ

Инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған иммунопрофилактика денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың иммунді профилактика медицинасының анағұрлым тиімді түрі болып табылады.

Вакциналық профилактиканың арқасында полиомиелитті, дифтерия ауруын, қызылшаны жоюда жағдайды ең төмен бірлікке дейін төмендетумен, маусымдық тымауды төмендетумен жетістіктерге қол жеткіздік. Ересектер арасында аурудың жоғары екеніне қарамастан, балалардың туберкулезбен ауыруын арттыруға жол бермеуге қол жеткізілді. В гепатитінің вакцинапрофилактикасындағы табыстар инфекцияларды тарату жөніндегі мәселелерді қысқартуға және алдағы уақытта оларды жою мәселесін қоюға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында егулер профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Ол баланың белгілі бір жасында гепатит В, дифтерия, көкжөтел, қызамық, қызылша, полиомиелит, столбняк, туберкулез, эпидемиялық паротит, гемофильді инфекция, тымауға қарсы егулерін жүргізуді қарастырады. Иммунді профилактика сапасын бағалау белгілері иммундаудың, соның ішінде егілгендердің қауіпсіздігі болып табылады.

Егулер емхананың егу кабинеттерінде, білім беру мекмелеріндегі медициналық кабинеттерде жүргізіледі.

Егулер жасөспірімнің заңды өкілінің келісімімен жүргізіледі. Егуден бас тартуға келісу немесе бас тарту жазбаша түрде рәсімделеді.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІҮ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 148 б. 1 т. сәйкес инфекциялық ауруларға қарсы егу эпидемия тудырушы және туындайтын айналманы тоқтату мақсатында егулер тек егілушіге ғана емес, барлық қоғам мүддесі үшін жүргізілетіндіктен, тұрғындар үшін міндетті болып табылады.

 

медициналық ұйымдарда секілді, білім беру мекемелерінде де балалар мен жасөспірімдерді егу ата-аналарды хабарландырғаннан кейін жүргізіледі. Инфекциялық аурулардың тұтануын болдырмау мақсатында, балалар балалардың ұйымдастырылған ұжымына егілгеннен кейін жіберіледі.

Дегенмен, егілуден бас тарту балаларды балалбақшаға және мектепке қабылдамауға себеп болып табылмайды. ҚР азаматы өзіне және баласына егу жасаудан бас тартуға құқылы, дегенмен бас тарту медициналық құжаттамада тіркелуі тиіс. Инфекциялық аурулардың ұйымдастырылған ұжымда тіркелген әр  жағдайы, егілмеген тұлғалар инфекциядан қорғалмағандықтан, ауру аяқталғанға дейін осы мекемеге келмеуі керек. 

Егу жасағанға дейін балаға жалпы қан және несеп талдауы жасалуы керек.

Егу жасаудың алдында невропатологтың консультациясын өту керек.

Егу жасағанға дейінгі екі күн ішінде және егу жасалғаннан кейінгі екі күн ішінде балаға алергияға қарсы дәрі-дәрмектер берген дұрыс.

Ыстық түсіретін дәрі-дәрмектерді алдын ала сатып алыңыз. Мұның тығындәрі болғаны тіпті жақсы. шырынды бала түкіріп тастауы мүмкін, оны қабылдағаннан кейін баланың құсуы да әбден мүмкін, сондықтан бұл дәрінің дозасы күтілген әсерді бермеуі мүмкін. Сондай-ақ, шырындардың құрамында балада аллергия тудыратын ароматизаторлар бар.

егу жасалған күні балаға күндегісінен басқа тамақ беруге, киім кигізуге және жаңа жағдай жасауға тырыспаңыз. егу жасалғаннан кейін баланы шомылдырмаңыз.

баланың жалпы жағдайын бақылаңыз. дене температурасы 38 градустан жоғары, құсу, аяқ-қолдың тартылуы, денесінде қызыл дақтар және ісіктер пайда болса, жедел көмекке жүгініңіз.

Жоғарыждағы Кодекстің 39 б. негізінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек - аурудың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медиициналық оңалтуды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық қызметкердің көрсететін медициналық көмегі.

Кодекстің 93 б. 1 т. сәйкес пациент және оның заңды өкілі осы кодекстің 94 бабында көзделген жағдайларды есептемегенде, медициналық көмектен бас тартуға құқылы. медициналық көмектен бас тартқан жағдайда пациентке немесе оның заңды өкіліне оған қолжетімді түрде оның мүмкін себептері түсіндіріледі. Мүмкін себептерді көрсете отырып медициналық көмектен бас тарту медициналық құжатқа жазумен рәсімделеді және пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медициналық қызметкер оған қол қояды.

Пациент немес оның заңды өкілі медициналық көмектен жазбаша түрде бас тартқан жағдайда медициналық құжатта бұл туралы тиісті жазу жүзеге асырылады және оған медициналық қызметкер қол қояды. 

Қазақстан Республикасындағы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі  

Жасы

Төмендегі инфекциялық ауруларға қарсы егу

Туберкулез (БЦЖ)

Вирусты гепатит "В" (ВГВ)

Полио-миелит (ОПВ)

Көкжөтел, дифтерия, столбняк (АКДС)

Гемо-фильді инфекция (Hib)

Дифтерия, столбняк (АДС)

Дифтерия (АД-М)

Дифтер, столбняк (АДС-М)

қызылша, қызамық, паротит (ККП)

қызамық

1-4 күн

+

+

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Ай

 

+

+

+

+

 

 

 

 

 

3

Ай

 

 

+

+

+

 

 

 

 

 

4

Ай

 

+

+

+

+

 

 

 

 

 

12-15 Ай

 

 

+

 

 

 

 

 

+

 

18

Ай

 

 

 

+

+

 

 

 

 

 

6 жас (1 класс)

+

 

 

 

 

+

 

 

+

 

12 жас

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

15 жас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

16 жас

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Әр

10 жыл сайын

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Қорытындысында – егілуден бас тарту туралы хабарландыру үлгісі.

ЕГІЛУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Кімге________________________________________

Мед. қызметкер ТАӘ

Кімге ________________________________________

Тәрбиеші ТАӘ  

Мен, төменде қол қоюшы___________ТАӘ, профилактикалық егілу жүргізудің қажеттілігі, олардан бас тартудың салдарлары, сондай-ақ вакцина алғаннан кейінгі болуы мүмкін жағдайлар туралы хабарландырыла отырып, ҚР 18.09.09 ж. № 193-4 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 93 б. 1 т. сәйкес, менің балама _____________ТАӘ, туған күні егу жүргізуден ерікті түрде бас тартамын.     

Ата-ананың / заңды өкілдің қолы___________________

Мед. Қызметкердің қолы____________________________________

Тәрбиешінің қолы_______________________________________  

Мерзімі  «____»_____________________ ж.

Ата-ана, есіңізде болсын! Балаңызды еккізе отырып, Сіз оны инфекциялық аурулардан қорғайсыз! Егілуден бас тарта отырып сіз өз балаңыздың денсаулығы мен өміріне қауіп тудырасыз! Балаңыздың қажетті егуді тегін алуына мүмкіндік беріңіз.