Бүгін «Босануға дайындық мектебінің және отбасын жоспарлау кабинетінің» ресми ашылу өтті

Бүгін «11 Қалалық емхананың» бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Қариполлаұлы Қазақстан ұлттық телеарнасына «Босануға дайындық мектебінің және отбасын жоспарлау кабинетінің» ресми ашылуына қатысты сұхбат берді.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016– 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында  сенімді әлеуметтік кепілдіктер отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келетіні жөнінде айтылған. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында атап көрсеткендей, отбасын жоспарлау, ана мен бала денсаулығын жақсарту мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келді.

Жаңалық Қариполлаұлы отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаларады іске асыру үшін Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының  филиалдары арқылы халықты ақпараттандыру жұмысы күшейтілді және үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Елімізде қаншама отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейтінін және бізде ашылған отбасын жоспарлау кабинеті халыққа өз үлесін қосатынын атап өтті.

  • IMG_4213
  • IMG_4230
  • IMG_4252
  • IMG_4259
  • IMG_4266
  • IMG_4268
  • IMG_4277