Елбасы Жолдауы №11 емханада талқыланды

Бүгін 01.02.2018 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының №17 округі бойынша депутаты Аюпов Аман Біләлұлы, бас дәрігер Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлы және емхана қызметкерлері қатысты.

Отырысты алғысөзбен ашқан Ж.Сағандықов бүгінгі таңда инновациялық технологиялардың, соның ішінде денсаулық сақтау саласында да қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Жолдауда атап көрсетілгендей, бас дәрігер саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керектігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселе болып қала беретінін атап көрсетті. Сондай-ақ, корпоративтік басқаруды дамыту, диагностикалау және емдеудің жоғары технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жөнінде мәслихат депутаты Аман Аюпов баяндады.

Бас дәрігердің ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары Мусенов Ерлан Тастымбекұлы, әсіресе бала туу жасындағы жастардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға ерекше назар аудару керектігін ескере келе, «Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс» деді.

  • 1
  • 2
  • 3