Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де болып, мұндағы жұмыс барысын тексерді

Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Надыров  Камалжан Талғатұлы №11 қалалық емханаға жұмыс сапарымен барды.

Жұмысты тексеру барысында Камалжан Талғатұлы құрамында 18 аймағы бар, олардың 2-і педиатрлық болып табылатын ЖТД бөлімшесінің жұмысымен танысты.

Емхананың жұмысымен танысу барысында 12 кереуеті бар күндізгі стационардың жұмысы тексерілді. Мұндағы барлық кереуеттер талап етіледі.

Басқарма басшысы дәрігер акушер-гинекологтардың жұмысына ерекше көңіл бөліп, дәрігерлермен жеке әңгімелесті. Бүгінгі таңда емханада 420 шақты жүкті әйелге қызмет көрсетіледі.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы рентген  кабинетте болып, ондағы Жол картасы шеңберінде алынған жаңа сандық  рентген-диагностикалық құралдың жұмысымен танысты. Одан соң басқарма басшысы Денсаулық сақтау министрінің азаматтарды ТМККК шеңберінде тегін және жеңілдікпен берілетін медициналық дәрі-дәрмектермен және ММБ-мен қамтамасыз етуге арналған  бұйрығы бойынша ашылған дәріханада болып, ондағы бар дәрі-дәрмектердің ассортиментін көрді, пациенттермен әңгімелесті және дәрі-дәрмектердің түсуі жөнінде түсініктеме берді.

Жұмысты тексеру барысында Камалжан Талғатұлына «Ақниет» қоғамдық қорының қолдауымен жабдықталған босануға дайындық және отбасын жоспарлау Мектебінің кабинеті көрсетілді.

  • 1
  • 2
  • 3