СӨС дәрігері Орынбасар Г.Қ. және “Дава” халықаралық орталығының үйлестірушісі Алгазина М.С. 29 орта мектеп оқушыларына «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы не білу керек» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер арасында денсаулықты сақтау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы ақпараттандыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануға дұрыс әдеттерді қалыптастыру. Жасөспірімдер денсаулығына қауіп төндірмеуге және болашақта дұрыс таңдау жасауға көмектесетін маңызды ақпаратты үйренеді.