Жоғары санаттағы акушер-гинеколог дәрігер Күжекбаева Бибігүл Ерікқызы ата-аналар жиналысында спикер болып, адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жоғары санаттағы акушер-гинеколог дәрігер Күжекбаева Бибігүл Ерікқызы ата-аналар жиналысында спикер болып, адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

АПВ-ға қарсы вакцина қыз балаларға ұсынылады және оның тиімді әрі қауіпсіз екендігі дәлелденген. Вакцинация жатыр мойны қатерлі ісігі секілді бірнеше ауыр аурулардың алдын алуға көмектеседі. Дегенмен, осыған қарамастан, көптеген ата-аналар өз қыздарына екпе салдырудан бас тартуда.

Бибігүл Ерікқызы ата-аналарды бұл вакцинаның маңыздылығы мен қажеттілігін терең түсінуге шақырады. Балаларымыздың денсаулығы – біздің жауапкершілігіміз, және уақытылы жасалатын профилактикалық шаралар қыз балаларды болашақта қауіпті аурулардан сақтап қалуы мүмкін.