Соңғы уақытта, өкінішке орай, жасөспірімдер арасында суицид жағдайлары мен суицид жасауға талпыныстары жиілеп кетті. Бұл үлкен алаңдаушылық тудырады, сондықтан біз ата-аналар мен жақындарын балалардың мінез-құлқына ерекше назар аударуға шақырамыз.
Балалардың интернеттегі белсенділігін қадағалап, қандай сайттарға кіретінін, әлеуметтік желілерде кімдермен сөйлесетінін және гаджеттерден қандай материалдар көретінін бақылау өте маңызды.
Жасөспірімдердің психикалық денсаулығына қамқорлық жасау – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз.