Бүгін біздің ұйымның қызметкерлеріне атом энергетикасы және оның Қазақстан үшін маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысы өткізілді

Бүгін біздің ұйымның қызметкерлеріне атом энергетикасы және оның Қазақстан үшін маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шараға спикерлер ретінде қоғам қайраткері, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ирак Қасымұлы Елекеев пен Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТИУ-дың жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, PhD Алмагүл Қайырбергенқызы Мерғалимова қатысты.

Сарапшылар елге неге атом электр станциясы (АЭС) қажет екенін түсіндіріп, қазіргі энергетикалық жағдай мен саланың даму перспективаларына кеңінен тоқталды. АЭС-тің экономикалық және экологиялық артықшылықтары ғана емес, сонымен қатар оның елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі де талқыланды.

Сонымен қатар, спикерлер алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, оның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығы мен саналы шешім қабылдаудың қажеттілігін атап өтті.