СӨС дәрігері Г.К.Орынбасар және «МУА» КЕАҚ бакалаврлары ұйымдастырған «қант диабеті» денсаулық мектебі. Бұл профилактикалық жұмыстың негізгі тақырыбы дұрыс тамақтануға арналды.
Қант диабетінің алдын алу кезінде дұрыс тамақтану келесі мақсаттарды көздейді:
♻️Қалыпты дене салмағын сақтау;
♻️Холестеринді қалыпты деңгейде ұстау;
♻️Глюкозаның қалыпты деңгейін сақтау.
Кездесу өте қызу өтті, қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, дәрігерлерден толыққанды жауаптар алды.