Бүгін емхананың әлеуметтік қызметкерлері егде жастағы тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, мастер-класс өткізді

Бүгін емхананың әлеуметтік қызметкерлері егде жастағы тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, мастер-класс өткізді.
Іс-шара барысында әлеуметтік қызметкерлер М.К. Асылбаева оригами техникасы бойынша қағаздан қолөнер бұйымдарын дайындауды және фетрден шағын сөмкелер жасауды көрсетсе, Омарова Э.М. есте сақтау қабілетіне оң әсер ететін ұсақ моторикаға арналған жаттығулар өткізді. Сонымен қатар, СӨС дәрігері Г.К. Орынбасар "денсаулық мектебі" сабағын өткізіп, "Атеросклероз және оның салдары" тақырыбында дәріс оқыды.
Біздің үлкен кісіліреміз, қызметкерлерге риза болып, алғыстарын білдірді.
Әр апта сайын жұма күні сағат 12.00-де 213-кабинетте пациенттерімізді көруге қуаныштымыз.