«Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбында семинар өтті

2024 жылдың 22 қаңтар күні халық арасында туберкулездің алдын алу мақсатында Астана медицина университетінің 2 курс студенттеріне «Туберкулез және оның алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Шара университеттің оқу ғимаратында өтті.
№11 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. «Туберкулез. Оның таралу жолдары мен алдын алу» та0ырыбында мағлұмат берді. Жыл сайынғы профилактикалық (флюорографиялық) тексерулердің маңыздылығы атап өтілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды: «Қанша рет флюорографиядан өтуге болады?», «Туберкулезден толық айығуға болады ма?», «Емдеу қанша уақытқа созылады?», «Туберкулез дәстүрлі әдістермен емделеді ме?» және оларға қанағаттанарлық жауаптарын алды. Семинар соңында студенттер ауа-тамшылы арқылы таралатын осы қауіпті аурудың алдын алу бойынша брошюралар алды.