Елордадағы қызылша бойынша шиеленісті эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханамыздың инфекционист дәрігері Г.Д.Искакова әріптестеріне "Қызылша

Елордадағы қызылша бойынша шиеленісті эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханамыздың инфекционист дәрігері Г.Д.Искакова әріптестеріне "Қызылша. Клиникалық ұсыныстарға шолу" тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

2024 жылдың басынан бастап Астанада қызылшаның 366 бастапқы және 137 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 100 жағдай.

Гүлнар Досболова тыңдаушыларға балалар мен ересектердегі қызылшаның барысы, дифференциалды диагностика әдістері, сондай-ақ емдеу принциптері мен осы аурудың алдын алу шаралары туралы айтып берді.