Біздің емханада жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен (ЖҚД) жұмыс істеу ережелері сақталады

Біздің емханада жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен (ЖҚД) жұмыс істеу ережелері сақталады. ЖҚД-мен дұрыс емдеу пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір бөлігі болып табылады.
ЖҚД- жұмыс кезінде пациентке зиян келтіру қаупі жоғары, емдеу кезінде аса сақтықты және ұқыптылықты қажет ететін дәрі-дәрмектер. Жоғары қауіпті дәрі-дәрмектер ұғымына сыртқы түрі және атауы (дыбысы) ұқсас дәрі-дәрмектер де кіреді.
ДДҰ мәліметтері бойынша, дәрі-дәрмекпен емдеудің қауіпсіз әдістері мен дәрі-дәрмектерді қолданудағы қателіктер бүкіл әлемнің медициналық мекемелеріндегі пациенттерге зиян келтірудің жетекші себептерінің бірі болып табылады және міндетті түрде оның алдын алу қажет!