Бүгін "№11 Қалалық емханада" тіркелген халық арасынан пациенттер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін "№11 Қалалық емханада" тіркелген халық арасынан пациенттер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиналыс барысында Комиссия мүшелері атқарылған жұмыстар туралы ақпарат алмасып, емхана қызметінің әлсіз және күшті жақтарын атап өтті, сондай-ақ Кеңес құрамына жаңа белсенді пациенттерді тарту мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, тіркелген тұрғындарға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ емхананың қызметін жақсарту мақсатында пациенттер кеңесі құрылған болатын.

Кеңестің негізгі міндеті медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді қарау процестеріне қатысу, олар бойынша ұсыныстар дайындау, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын сүйемелдеу болып табылады.