"ӘМСҚ" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Г.И. Джуманов "№11 Қалалық емхананың" тіркелген тұрғындарымен кездесіп, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді

"ӘМСҚ" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Г.И. Джуманов "№11 Қалалық емхананың" тіркелген тұрғындарымен кездесіп, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Гүламжан Иристаевич атап өткендей, МӘМС жүйесіндегі жарналар жеңілдікті санаттарға жататын және жарналардан босатылған азаматтарды қоспағанда, барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады.
Ол сондай-ақ тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары және олардың отбасы мүшелері МӘМС бойынша Медициналық қызметтерді ала алатынын айтты. Оның айтуынша мүмкіндігі шектеулі жандар немесе бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі ересектерге және балаларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға жарнаны мемлекет төлейді, яғни олар жеңілдетілген санатқа жатады.
Деректерге сәйкес, Астана қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындардың саны 82,9%, ал сақтандырылмаған тұрғындардың үлесі-халықтың жалпы санының 17,1% құрайды.