Бүгін көпсалалы медициналық онкологиялық орталықтың онкохирургы Ернат Мұқанбетқалиұлы Таштенбаев біздің дәрігерлерге "өкпе обыры" тақырыбында оқыту семинарын өткізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Бүгін көпсалалы медициналық онкологиялық орталықтың онкохирургы Ернат Мұқанбетқалиұлы Таштенбаев біздің дәрігерлерге "өкпе обыры" тақырыбында оқыту семинарын өткізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Аталған іс-шара ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде өткізілді.

Қазақстанда өкпе обыры сүт безі обырынан кейінгі ең көп таралған болып табылады. Өлім құрылымында өкпе рагы бірінші орында. (primeminister.kz)

Көптеген жағдайларда ер адамдар өкпе обырымен ауыруға бейім келеді. Өкпенің қатерлі ісігінің дамуының негізгі себептері темекі шегу, канцерогенмен ластанған ауамен демалу, зиянды өндірістік факторлар, радиоактивті сәулелену, тыныс алу органдарының созылмалы ауруларының болуы, тұқым қуалайтын бейімділік болып табылады.