Бүгін біздің емханада отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті

Бүгін біздің емханада отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Бұл іс - шараның басты мақсаты-қоғамның назарын отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға аудару. Ашық есік күні барысында невропатолог, кардиолог, СӨС дәрігерлерінің психологтың, әлеуметтік қызметкерлердің және скрининг кабинетінің қызметтері көрсетілді.
Бұдан басқа, СӨС дәрігері радиорубка арқылы отбасына, денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру жөнінде ақпараттар оқыды.