Бүгін Профилактика бөлімшесінің қызметкерлері № 29 орта мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді

Бүгін Профилактика бөлімшесінің қызметкерлері № 29 орта мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында СӨС дәрігері Г.К.Орынбасар "Жол-көлік оқиғалары мен тұмау/ЖРВИ алдын алу" бойынша дәріс оқыды және "Дауа"ЖДО координатор-дәрігері М.С.Алғазина жастар денсаулық орталығы бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, психолог мамандар М.А.Амангелдинова мен Г.Ж.Байсейтова: "Мен жасөспіріммін. Менің сезімдерім мен эмоцияларым. Ұялшақтық және өзіне деген сенімсіздік. Ашу, қорқыныш және агрессия. Олармен не істеу керек?» деген тақырыптар бойынша тренинг өткізді.
Аталған алдын алу шаралары оқушылардың өз денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.