Бүгін емхана медбикелері аккредиттеу орталығы ұйымдастырған "Инъекция қауіпсіздігі. Стандартты сақтық шаралары" тақырыбындағы вебинарға қатысты

Бүгін емхана медбикелері аккредиттеу орталығы ұйымдастырған "Инъекция қауіпсіздігі. Стандартты сақтық шаралары" тақырыбындағы вебинарға қатысты. Вебинарда спикері- "UMC" корпоративтік қорының эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас эпидемиологы, жоғары санатты эпидемиолог дәрігер, Ұлттық аккредиттеу бойынша сарапшы Агажаева Гаухар болды.

Семинар барысында сақтық шараларының стандарттары, инъекциялық препараттармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері талданды, сондай-ақ инъекция қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткір заттармен жұмыс істеу кезінде жарақаттардың алдын алу үшін маңызды ақпаратар берілді.

Ақпараттық және пайдалы шара ұйымдастырғаны үшін @accreditation_center -ге алғыс білдіреміз!