Жыл сайын біздің емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесіне көптеген жүкті әйелдер жүгінеді және әр жағдай дербес назарды қажет етеді

 

Жыл сайын біздің емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесіне көптеген жүкті әйелдер жүгінеді және әр жағдай дербес назарды қажет етеді. Медицина қызметкерлері әйелдің баланы мерзімді, аман-есен босануы үшін қажет нәрсенің бәрін жасауға дайын.

Жуырда акушер-гинеколог дәрігер Қ.С.Жанабекова әріптестеріне преэклампсия кезіндегі шұғыл көмек көрсету бойынша трейсер өткізді.

Преэклампсия-бұл зәрдегі ақуыздың пайда болуымен қатысты қан қысымының жоғарылауы. Кейбір жүкті әйелдерде преэклампсия артериялық гипертензиямен және өмірлік маңызды органдардың бірінің (бүйрек, жүрек, ми, плацента) функционалдық жеткіліксіздігінің белгілерімен көрінуі мүмкін. Әдетте, бұл жағдайда акушерлік асқыну агрессивті түрде жүреді.