Бүгін "№11 Қалалық емхана" базасында ересектер, балалар, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында ЖРВИ алдын алу және емдеу бойынша учаскелік қызмет қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

Бүгін "№11 Қалалық емхана" базасында ересектер, балалар, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында ЖРВИ алдын алу және емдеу бойынша учаскелік қызмет қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Оқытуды ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисті Кошерова Бақыт Нұрғалиқызы және "МУА" КЕАҚ профессоры, ҚР ДСМ штаттан тыс балалар инфекционисті Баешева Динагүл Аяпбекқызы жүргізді.

Семинар барысында мамандар статистикалық көрсеткіштерді ұсынды, сондай-ақ дәрігерлермен тұмаудың клиникасы, диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі атап өтілді.