Ана сүті–өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды

Ана сүті–өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды.
Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені, уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады.
Ана сүтінің құрамына баланың өміріне ең қажетті витаминдер, ақуыздар, майлар, микроэлементтер, ішектің қалыпты микрофлорын дамытатын әрі өсіретін бифидус заттары, көп тараған жұқпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер бар.
Баланы көкірегімен емізу ана денсаулығына да пайдалы. Ол сүт безінің қатерлі ісікке (рак) шалдықпау қаупін, жатырдың қатерлі ісікке шалдықпауын 2 есе төмендетеді.

«Анасының сүті –баланың қорегі ғана емес, ол оның өмірі!»