Біздің емхананың ортопед-травматолог дәрігері Бекболат Шуринбайұлы "Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуда.

Біздің емхананың ортопед-травматолог дәрігері Бекболат Шуринбайұлы "Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуда.

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, сондай-ақ бағдарламаға осы саладағы жетекші мамандардың баяндамалары мәлімделіп, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Үндістан, БАӘ және Өзбекстан сарапшыларынан күрделі операцияларды талдай отырып шеберлік сыныптары жоспарланған.

Іс-шара елімізде травматология мен ортопедияның дамуына зор үлес қосқан медицина ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахманов Әлібек Жанпейісұлының 80 жылдығына орайластырылған.

Жыл сайын конференция орталық және Орта Азия дәрігерлері үшін ғана емес, әлемнің басқа бөліктеріндегі әріптестер үшін де білім мен тәжірибе алмасуға арналған ең ірі диалог алаңы болып табылады!