"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері "AQNIET" Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымдастырған "медициналық адвокат" республикалық акциясы аясында "Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау: практикалық ұсынымдар" тақ

"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері "AQNIET" Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымдастырған "медициналық адвокат" республикалық акциясы аясында "Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау: практикалық ұсынымдар" тақырыбында семинарға қатысты.

Аталған семинардың лекторы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаушы, медициналық қоғамдастықтың тәуелсіз консалтинг директоры Дәурен Нұрсапанов болды.

Дәурен Сайрамғазыұлы өз сөзінде AQNIET кәсіподағына алғысы мен құрметін білдіріп, олардың медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жолындағы белсенді жұмыстарын атап өтті.

Бүгінгі таңда "AQNIET" кәсіподағы үшін денсаулық сақтау қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту сөзсіз басымдық болып қала береді. Маңызды міндет- медицина қызметкерінің мәртебесін көтеру, атап айтқанда лайықты жалақы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, заңдық сүйемелдеу және қорғау болып табылады.