Бүгін NOMAD CITY HALL-да елордалық денсаулық сақтаудың 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін NOMAD CITY HALL-да елордалық денсаулық сақтаудың 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аталған іс-шарада медициналық қызметкерлердің еңбектері бағаланып, үздік әріптестеріміз марапаттарға ие болды.

Емханамыздың директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманбакова Сауле Балтабайқызы ҚР ДСМ-нің Денсаулық сақтау саласының үздігі төс белгісіне ие болды. Бұл өте лайықты марапат деп білеміз және Сауле Балтабайқызын шын жүректен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, биылғы іс-шара өте ерекше форматта атап өтілгенін айта кеткеніміз жөн. Шараның мерекелік концертінде тек жұлдыздар ғана емес қалалық медицина мекемелерінің қызметкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Бұл ақ халаттылардың “сегіз қырлы, бір сырлы” екендігінің тағы да дәлелі болмақ!