Емхана қабырғасында патронаждық мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Қызмет көрсету бойынша әмбебап прогрессивті модель бағдарламасы» бойынша оқыту өтті

Емхана қабырғасында патронаждық мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Қызмет көрсету бойынша әмбебап прогрессивті модель бағдарламасы» бойынша оқыту өтті.

Әмбебап прогрессивті модель көптеген жылдар бойы өзінің артықшылықтарын дәлелдеді. Модель- балалар мен сәбилер өлімін, шала туылу мен сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған. Үйге бару қызметтері баланың жан-жақты дамуына, балалардың жарақаттануын азайтуға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл модель әлеуметтік осал және оқшауланған отбасыларды денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметтеріне тартады.