Жеңіс Күні қарсаңында "№11 қалалық емхананың" басшылығы Қызыл Жарты Ай Астана филиалының еріктілерімен бірлесіп тыл еңбеккерлерін құттықтап, гүл шоқтары мен азық-түлік сертификаттарын табыс етті

Жеңіс Күні қарсаңында "№11 қалалық емхананың" басшылығы Қызыл Жарты Ай Астана филиалының еріктілерімен бірлесіп тыл еңбеккерлерін құттықтап, гүл шоқтары мен азық-түлік сертификаттарын табыс етті. Әр жұмысшының өз тарихы мен естелік әңгімелері бар:
"Соғыс кезінде бидай жинап, майданға нан жібердік. Соғыстан кейін жас кезінде Астанаға көшіп, медбике, кейін балабақша меңгерушісі болып жұмыс істедім. 1991 жылы еңбек демалысыма шықтым", - дейді тыл еңбеккері Аппас Райхан өз естеліктерімен бөлісіп.
Тыл еңбеккерлеріне басымызды иеміз және ұмытылмас ерліктері мен батылдығы үшін зор алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз!