Емхана қызметкерлері семинарға қатысты

Емхана қызметкерлері "Жүкті әйелдердегі қызылша: клиника, диагностика және емдеу" тақырыбындағы семинарға қатысты. Аталған шараны ҚДС басқармасы әлемдегі қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырып отыр.
Семинарда "Қалалық инфекциялық орталық" ШЖҚ МКК директорының орынбасары, Басқарманың бас штаттан тыс инфекционисті Атыгаева Сәуле Қабиқызы дәріс оқыды.