мектептегі профилактикалық жұмыс

️Әрбір мәселенің алдын алу әрқашан маңызды. Сол себепті профилактика бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдермен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Жуырда "Дауа" ЖДО үйлестіруші дәрігері М.С.Алгазина № 28 мектеп-гимназия оқушыларына "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" бойынша дәріс оқыды, сондай-ақ психолог М.А.Амангелдинова "Өзіне деген сенімділік деген не?" деген тақырыпта психологиялық тренинг өткізіп, эмоционалды тепе-теңдікке жету бойынша біраз кеңестермен бөлісті.