Емханада 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Емханада 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекені ұжымның ерлер қауымы ұйымдастырып, нәзік жанды әріптестеріне гүл мен тәтті сыйлар табыс етті.
Мерекелік шараны емхана директоры Ж.К.Сагандықов ашып, әйелдер қауымын көктемнің нәзік мерекемен құттықтады: " Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Осы тамаша көктем мерекесінде Сіздерге жұмысқа деген жауапкершілігіңіз үшін алғыс айтқым келеді, емхананың көптеген жетістіктері Сіздің адал еңбегіңіздің арқасында!"- деді ол өз сөзінде.
Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты, онда аналарға арналған, қуаныш пен махаббатқа толы домбыра әндері шырқалды. Осының барлығы қатысушыларға жақсы мерекелік көңіл күй сыйлады.
Емханамыздың ерлер қауымына алғыс айтамыз! Барша нәзік жандыларды көктем мерекесімен құттықтаймыз