Тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында семинар өткізіп, аттестациялау жүргізді

Тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында, ДКК төрағасы З.Б.Айдарханова медицина қызметкерлері арасында еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру бойынша семинар өткізіп, аттестациялау жүргізді. Сондай-ақ тестілеу арқылы алған білімдерін бағалау жүргізілгеннен кейін қате жауаптар талданып, талқыланды.