Бүгін 25 Қазан-Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Бүгін 25 Қазан-Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Емхана директоры Ж.К.Сағандықов әріптестерін мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді адал және мінсіз еңбектері үшін «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен, ДСМ, ҚДС басқармасының Құрмет грамоталарымен және әкімнің Алғыс хатымен марапаттады.

Директор өзінің құттықтау сөзінде ұлттық мереке Республика күнін жаңғырту – елімізде жүргізіліп жатқан тиімді реформалардың нәтижесі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында президент Қ.Қ.Тоқаев Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес 25 қазанда Ұлттық мереке мәртебесін алды.

  • 266.10
  • 266.100