Бүгін «№11 Қалалық емханада» тіркелген халық арасынан пациенттер Кеңесінің отырысы өтті.

Бүгін «№11 Қалалық емханада» тіркелген халық арасынан пациенттер Кеңесінің отырысы өтті.

Жиналыс барысында Комиссия мүшелері кеңес ережесімен танысып, талаптарға сәйкес төраға мен хатшыны сайлады.
Сонымен қатар, салтанатты бөлім барысында емхана ұжымы белсенді кеңес мүшесі сапар Жаныбаевичты 70-жылдық мерейтойымен құттықтап, естелік сыйлық табыстады.

Бекітілген халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ "№11 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК қызметін жақсарту мақсатында пациенттер кеңесі құрылды.

Кеңестің негізгі міндеті емханада медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді алдын ала қарау процестеріне қатысу, олар бойынша ұсыныстар дайындау, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуын сүйемелдеу болып табылады.