2022 жылдың 24 қырқүйек күні Астана қаласының «№11 қалалық емхананың» барлық филиалдарында жалпықалалық сенбілік өтті.

2022 жылдың 24 қырқүйек күні Астана қаласының «№11 қалалық емхананың» барлық филиалдарында жалпықалалық сенбілік өтті.
Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыруға арналған «Бірге таза Қазақстан» атты жалпы қалалық экологиялық айлыққа қосылып жұмыс орындалды және емхана аумағында сенбілік өткізу туралы дайындалған іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Сенбілік барысында емханаға тиесілі аумаққа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды. Емхана жұмысшылары ағаштарды егіп, ғимараттың жан жағын тазартып, реттестіріп, бұрынғы егілген талдарды суғарды.
Сенбіліктің мақсаты емханадағы санитарлық жағдайын, эстетикалық көрінісін жақсартуға бағытталған.