Біздің емханамыздың психолог мамандары қызметкерлерді психологиялық қолдау мақсатында тұрақты негізде тренингтер өткізіп тұрады.

Біздің емханамыздың психолог мамандары қызметкерлерді психологиялық қолдау мақсатында тұрақты негізде тренингтер өткізіп тұрады.

Жақында мамандарымыз коммуникативтік дағдыларды жақсарту, стресстік жағдайларды шешу, сондай-ақ жұмысқа деген оң көзқарас қалыптастыру үшін "Медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас дағдылары" тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында эмоционалды тепе-теңдікке қол жеткізу үшін ұсыныстар беріліп, релаксация және бұлшықет кернеуін жеңілдету үшін тыныс алу жаттығулары жасалды.