Бүгін құрметті қызметкер, клиникалық-диагностикалық және мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі, Артықов Амангелді Тілеуғабылұлын зейнеткерлікке шығуымен салтанатты түрде құттықтадық

Бүгін құрметті қызметкер, клиникалық-диагностикалық және мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі, Артықов Амангелді Тілеуғабылұлын зейнеткерлікке шығуымен салтанатты түрде құттықтадық.

Амангелді Тілеуғабылұлы еңбек жолын 1976 жылы Балқаш қаласының тау-кен металлургия комбинатында жұмысшы болып бастады.

1977 жылдан 1983 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқыды. Еңбек жолын денсаулық сақтауды дамытуға арнаған ол өз ісінің маманы, жас мамандарға үлгі көрсетер тәлімгер бола білді. үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалі мен ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталып, ерен еңбегі бағаланды.

Амангелді Тілеуғабылұлын зейнетке шығуымен құттықтаймыз! Зейнеткерлік демалысы қуанышқа, шаттыққа толы болсын!