2022 жылдың 5 қыркүйегі күні «№11 Қалалық емханада» AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің Нұр-сұлтан қаласы "Алматы" аудандық филиалының басшысы И.В.Несеновпен және Amanat партиясы Алматы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Б.К.Искаковамен кездесу

Бүгін, 2022 жылдың 5 қыркүйегі күні «№11 Қалалық емханада» AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің Нұр-сұлтан қаласы "Алматы" аудандық филиалының басшысы И.В.Несеновпен және Amanat партиясы Алматы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Б.К.Искаковамен кездесу өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.

"Біздің халқымыз әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылықты жоғары қоятын. Жолдаудың жаңа ережелері халқымыздың өмір сүру сапасын жақсартады, біз біртұтас болуымыз керек",- деді Бибігүл Қадырқызы өз сөзінде.

Игорь Викторович партияның Мемлекет Басшысы Жолдауының орындалуын бақылауда ұстап отырғанын атап өтті, сондай-ақ партиялықтарға AMANAT партиялық билеттерін табыс етті және барлық медициналық қызметкерлерге олардың күнделікті баға жетпес еңбегі үшін үлкен алғыс білдірді.