Бүгін ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-де балаларға арналған "Ашық есік күні" өтті.

Бүгін ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-де балаларға арналған "Ашық есік күні" өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіліп отыр.
Балалар педиатр, невропатолог, хирург, ортопед, оториноларинголог, окулист және психолог кабинеттерінде болып, арнайы мамандардан өтті. Ата-аналар баланың денсаулығы туралы қорытынды және қажетті ұсыныстар алды.
Сонымен қатар, СӨС дәрігері радиорубка бойынша "Балалар жарақатының алдын алу" туралы ақпаратты оқып, салауатты өмір салты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналардың өз балаларының денсаулығын тексеру үшін өткізілген акцияларды көбірек пайдаланатыны қуантады.
Өз кезегімізде, балаларға мықты денсаулық және бақытты шақ тілейміз

  • WhatsApp Image 2022-05-21 at 12.59.53
  • WhatsApp Image 2022-05-21 at 12.59.55
  • WhatsApp Image 2022-05-21 at 12.59.56