босануға дайындық мектебінде акушер Р.К. Есімова "Қорқынышсыз босану (Босанудың белгілері мен жалған белгілері

2022 жылдың 17 мамырында ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК босануға дайындық мектебінде акушер Р.К. Есімова "Қорқынышсыз босану (Босанудың белгілері мен жалған белгілері. Тыныс алу техникасы.)" тақырыбында сабақ өткізді.

Аталған сабақта тыныс алу техникасы бойынша сондай-ақ мазасыздық белгілері туралы оқыту жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға практикада қолданылатын гимнастика көрсетілді: "Лотос позасы", "Кегель жаттығуы" және "тізе-шынтақ позасы". Сонымен қатар, акушерка "босану", "босану кезеңдері туралы", "босану туралы", "босану ауруы туралы" және жаттығудың көмегімен оң көңіл-күйді қалай сақтауға болады" деген тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Апта сайын, әр сейсенбіде, сағат 16:00 -ден 18:00-ге дейін емханада «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтеді. Жүктілік бойынша тіркеуге алынған әйелдерге сабаққа келіп, ақпарат алуға болады.