Жатыр мойны обырының алдын алу

  • Жатыр мойны обырының алдын алу

    Жатыр обыры (басқаша атауы: жатыр эндометриясы обыры, жатыр денесі обыры - эндометрия қатерлі ісігі (жатыр қуысына төселген тіндер). Соңғы уақытта жатыр денесі обыры жиі кездеседі, бұл әйелдердің өмір жасының ұзаруымен де байланысты болуы мүмкін, себебі жатыр эндометриясы обыры етеккір үзілісі кезеңінде кездеседі және пациенттердің орташа жасы - 60-62 жас.

    ❗Жатыр обыры қатерінің факторлары.
    Негізгі себебі – гормоналдық бұзылулар, эстрогеннің жоғарылауы.

    Сонымен, қатер факторлары:
    ☑️Эндометрия гиперплазиясы
    ☑️Семіздік
    ☑️Қант диабеті
    ☑️Бедеулік немесе туыттың болмауы
    ☑️Кеш басталған етеккір үзілісі (менопауза)
    ☑️Аналық без ісіктері
    ☑️Тұқымқуалаушылық


    Сүт безі обырын емдеу кезінде томаксифенді қолдану болып табылады.

    ❗Ауру симптомдары.
    Етеккірдің болу немесе болмауына байланысты, кейде әйелде етеккір функциясы сақталып, бірақ етеккірдің ұзақ әрі ағыл-тегіл келуі мазасыздандырады және етеккірдің келуінің өзі тұрақсыз сипатқа ие болады.

    Алайда ауру жиі етеккір үзілісі кезеңінде пайда болады және алғашқы негізгі белгісі жыныс жолдарынан қан аралас немесе сулы-іріңді шығындылардың бөлінуі мүмкін. Ауырсынулар жатыр ісіктерінің талшыққа және сегізкөздің нервтік бірігуіне әкелуі кезінде пайда болады. Ісіктердің қуыққа қарай өсуі кезінде дизуриялық құбылыс және зәрде қан пайда болады.

    ❗Диагностика.
    Ең алдымен кіші жамбас ағзаларына УДЗ жүргізу қажет, жарты жылда бір рет зерттеу диагностикасынан өту міндетті. УДЗ кезінде жатыр қуысында өзгерістер анықталса, гистероскопия жүргізіледі - бұл гистероскоп көмегімен жатыр қуысы қабырғаларын тексеру, соның нәтижесінде (қажет болған жағдайда) диагностикалық және оперативті манипуляциялар жасалады. Гистероскопия жатырішілік патологияны анықтауға және жоюға, тіндер биопсиясын алуға, бөгде заттарды, эндометрия түймешіктерін (полип) алып тастауға мүмкіндік береді. Жатыр ішіндегі қатерлі ісік өсінділерін растау үшін жатыр қуысы қырналып, алынған материал гистологиялық зерттеуге жіберіледі. Обыр сатысын анықтау және одан әрі емдеу тәсілін таңдау үшін мынадай зерттеулер жүргізіледі: кіші жамбас ағзаларына МРТ, колоноскопия, урография және цистоскопия, ішперде қуысы ағзаларына УДЗ.
  • ❗Емдеу.
    Хирургиялық кесіп тастау, дәрілік және сәулелік терапия жүргізіледі. Оперативті емдеу барысында мойны, қосалқыларымен бірге жатыр алынып тасталады. Кең ауқымда зақымдану немесе аурудың қайта өршуі (рецидив) кезінде химиотерапия қолданылады. Сәулелік терапия ота жасалғаннан кейінгі кезеңде және ота жасау мүмкін болмаған жағдайда (ілеспе ауруларына бола) өзіндік әдіс ретінде жүргізіледі.