Құрметті пациенттер, қала қонақтары мен тұрғындары!

Құрметті пациенттер, қала қонақтары мен тұрғындары!

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2022 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа 2022 жыл мерекелі, берекелі болсын.

Жаңа 2022 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2023 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2022 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2022 жылымен құттықтаймын! Жаңа 2022 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

«№11 қалалық емхана» директоры Сагандыков Ж.К.