«Астана Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің өтуі барысында көрменің қатысушылары мен қонақтарына медициналық көмек көрсетуге белсене қатысты

«Астана Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің өтуі барысында «№11 қалалық емхана» көрменің қатысушылары мен қонақтарына медициналық көмек көрсетуге белсене қатысты.

2017 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде көрменің қорытындысы бойынша таңдаулы медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Біздің емхананың бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлы «Астана Экспо-2017» көрмесін қатысушылар мен қонақтарға сапалы медициналық қызмет көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.