Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасында ҚР спартакиадасы өтті

13-24 қыркүйек аралығында Атырау қаласында ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасында ҚР спартакиадасы өтті.

Спартакиада 2 кезеңнен тұрды. Екінші кезеңде спорттың көптеген түрлері бойынша, соның ішінде үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырылды. «Жігер» спорт клубының атынан №11 емхананың дәрігер-психотерапевті Г.С.Абдуллина қатысып, жеке сыныпта және топтық ойында 2 күміс медаль жеңіп алды.