Хабарландыру!

15 қыркүйектен бастап Астана қ. и»№11 қалалық емханада» тұрғындарды тіркеу науқаны басталды.

2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №11268 тіркелген) бекітілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №591 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №15604 тіркелген) бекітілген, ТМККК және МӘМС шеңберінде денсаулық сақтау субъектілеріне көсетілетін қызметті сатып алу ережелеріне сәйкес, бастауыш медициналық-санитарлық көмек ұйымына азаматтарды тіркеу Ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсетуші (бұдан әрі – БМСК) денсаулық сақтау ұйымына азаматтарды тіркеу науқанының басталғаны туралы хабарлайды.

Емханаға тіркелу тәртібі: 

Азаматтың БМСК көрсететін медициналық ұйымға тіркелуі тұрақты және уақытша тұратын жері, жұмыс орынын немесе оқу орынын бойынша жүргізіледі. Ұйымды еркін таңдауға болады және азамат өзі елді мекенінің шеінде БМСК кез келген медициналық мекемесіне тіркелуге құқылы. Бұл ретте бір уақытта екі медициналық ұйымға бірдей тіркелу мүмкін емес.

Бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымға тіркелу үшін өзіңіз қалаған емханаға, мәселен, өзіңізге ыңғайлы орналасқан және жақсы мамандар жұмыс істейтін мекемеге жеке өзіңіз хабарласуыңыз керек. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәілк және т.б.) және өтініш болуы керек. Өтініш өз қолыңызбен еркін түрде медициналық мекеме басшысының атына жазылады.

Жазбаша келісім немесе өтініш негізінде отбасы мүшелерінің барлығының жеке қатысуынсыз тіркелу мүмкіндігі де бар. Бұл ретте отбасы мүшелерінің әрқайсының жеке басын куәландыратын құжаттардың жеке-жеке болуы қажет. 

Кәмелетке толмаған тұлғаларды тіркеу тіркелушінің және оның заңды өкілінің құжатының болуымен жүзеге асырылады.

Тіркеуші емханаға табысты тіркеген жағдайда медициналық ұйымға тіркелу талонын береді.

Басқа емханаға төмендегі жағдайларда тіркелуге болады:

  • Азамат дәрігер және медициналық ұйымды еркін таңдаған жағдайда

жылына бір реттен көп емес;

  • Тұрақты және уақытша мекенжайын, жұмысын немесе оқу орынын ауыстырған жағдайда бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде;
  • БМСК ұйымы қайта құрылғанда немесе жабылған жағдайда;
  • Тұрғындар БМСК ұйымдарына тіркелу бойынша 15 қыркүйектен 15 қараша аралығында жыл сайын өткізілетін науқан кезінде.